00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада тегін ыстық ас пен такси акциясы ұйымдастырылды

13.12.2023 | 07:00
55
фото: www.gov.kz

Аязды ауа райына байланысты елордалық мешіттер «10 игі іс» акциясын қолдап, адамдарды тегін тасымалдайды және коммуналдық қызмет мамандарын ыстық түскі аспен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралар өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау. 

«Мұндай акцияларды өткен жылдары да ұйымдастырғанбыз. Астананың аязды күндерінде азаматтарымызға көмек қолын созғымыз келеді. Өзге жүргізушілерді акцияға қосылуға және тұрғындарға көмектесуге шақырамыз», - деп атап өтті Астананың бас имамы Ерболат Жүсіпов.

4.jpeg

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елордалық еріктілер тұрғындарға ыстық шай мен бауырсақ тарату акциясын бастаған болатын. Олар аялдама кешендерін аралап, автобус салондарында кондукторларға, жүргізушілерге және жолаушыларға ыстық шай мен бауырсақ таратқан. 

Қала тұрғындары эстафетаға қолдау көрсете алады, сол сияқты ізгілік акциясы аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен ақпараттар немесе видеолар жариялай алады.

8.jpeg

Барлық жаңалықтар