00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада үшінші газ жылу станциясының құрылысы басталады

14.08.2023 | 07:25
40
Фото: jenis_qasymbek

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

гл 1.jpg

Қаланың тіршілігі тоқтаусыз жүру үшін бірқатар маңызды нысан саламыз. Олар – «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары, сондай-ақ құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3 нысанын аяқтаймыз. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді. 

Қалада жылыту маусымы шамамен 7 айға созылады. Газ жылу станциялары мен ЖЭО-3-ті алдағы жылыту маусымында кезең-кезеңімен пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Мәселен, газ жылу станциялары мен ЖЭО-3 осы жылыту маусымында 1100 Гкал/сағ жылу береді, бұл бізге профицитке шығуға мүмкіндік береді, - деді Жеңіс Қасымбек.

гл 2.jpg

Астана қаласының әкімі, сонымен қатар, елордада биыл үшінші газ жылу станциясының құрылысын бастау жоспарланып отырғанын жеткізді. 

Барлық жаңалықтар