00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада «Шекарасыз музыка» атты концерт өтті

26.02.2024 | 02:30
41
Фото: gov.kz

Концерттің шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» оркестрінің орындауындағы Тілес Қажығалиевтің «Қыз қуу» симфониялық күйі ашты. Дж.Россинидің аттас операсынан Семирамиданың ариясын Салтанат Ахметова орындады. Қазақтың халық әні «Япурай» әнін баритон Дінмұхамед Көшкінбаев шырқады, - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Сонымен қатар, Петр Чайковскийдің Оркестр мен виолончельге арналған Рококо тақырыбындағы вариацияларын әйгілі виолончельші Сергей Ролдугин ұсынды.

Ал музыкалық кешті Д.Шостаковичтің Оркестр мен скрипкаға арналған №1 концертін орындаған скрипкашы Павел Милюков  аяқтады.

Барлық жаңалықтар