00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада 34 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр

12.04.2024 | 15:51
71
Елордада 34 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр
фото: gov.kz

Бұл білім ошақтарында 102 мың оқушы орны (2 ауысымды) ашылады, деп хабарлады Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада тұрғындардың, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты елорда әкімдігі жыл сайын жүйелі түрде мектептер салып жатыр. Мәселен, биылғы оқу жылында 12 мектеп салынды. Қазір 34 мектеп салынып жатыр, оның 25-і жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Бұл мектептер 71 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді.

Олар: Есіл ауданында – 9, Нұра ауданында – 7, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында – 2, Алматы ауданында – 5.

Олардың қатарында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ошақтары да бар. Жалпы, осы ұлттық жоба аясында 2024-2025 жылдары 90 мың орынға арналған 24 жайлы мектеп салынады. Оның 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл және Нұра аудандарында орналасады.

2028 жылға қарай барлығы 200 мыңға жуық оқушы орынына есептелген (2 ауысымда) 80-нен астам мектеп салу жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар