00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада орталық жылу магистралінің құрылысы биыл аяқталады

09.10.2023 | 12:48
47
Фото: jenis_qasymbek

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы инфрақұрылым нысандары құрылысымен танысты, деп хабарлады Еlorda.info. 

Бұл туралы әкім өзінің Instagram парақшасында жазды.

аким бир.jpg

Қалада жылумен, сумен жабдықтау және т.б. қуатын арттыратын бірқатар инфрақұрылым нысанын салып жатырмыз. 

Биыл орталық жылу магистралінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. 

Хусейн бен Талал көшесінің, Мәңгілік ел даңғылының, №28 көшенің және Тәуелсіздік даңғылының шекарасында орналасқан тұрғын үй кешендері келесі жылыту маусымынан (2024-2025 жж) бастап орталық жылытуға ауыстырылады. Жылу магистралінің өзі ЖЭО-3-тен күш алатын болады.

Осы айда біз сондай-ақ «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңінің, ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысын аяқтадық. Жалпы, қазіргі жылыту маусымында бұл нысандар қаланы 1000 Гкал/сағ-тан астам жылумен қамтамасыз етеді, - деп жазды елорда әкімі. 

аким еки.jpg

Барлық жаңалықтар