00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада қомақты қаржы ұрлаған балабақша меңгерушісі сотталды

12.02.2024 | 11:07
41
Фото: дереккөзден

 «Алматы» ауданының прокуратурасы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде елорда балабақшаларының біріне тексеріс жүргізген. Тексеріс барысында мектепке дейінгі білім беру саласында табель толтыру арқылы балабақшаға бармаған балаларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықталды. 

«2021 жылғы маусым мен 2023 жылғы қыркүйек айының аралығында мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, балабақша меңгерушісі бюджет қаражатынан негізсіз төлемдер алған. Қылмыстық әрекеттің салдарынан мемлекетке 8,5 млн теңгеден астам шығын келтірілді», - деді Астана қаласының прокуратурасы. 

Кінәлі тұлға 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, сотталды. 

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

Барлық жаңалықтар