00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада мемлекеттік балабақшалар құрылысы қайта басталады

03.10.2023 | 06:00
35
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар дамып жатыр. Елордада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы 2017 жылы тоқтап қалған. Осы 6 жылда жекеменшік балабақшаларға арналған мемлекеттік тапсырыстар бөлінді. Дегенмен тұрғындар санының өсуі, қалада әлеуметтік нысандарға деген қажеттілікті байқатты.

Мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қайта бастау туралы шешім қабылдадық. Қазір ішкі жұмыстарды жүргізіп жатырмыз: жер учаскелерін анықтап, инженерлік желілер мен басқа да қажетті инфрақұрылымның дайындығын қарастырамыз. Келер жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қаржыландыруды жоспарлайтын боламыз. 60 жер учаскесін белгілеуді жоспарлап отырмыз. Оларды кезең-кезеңімен саламыз, - деп жазды елорда әкімі.

Жекеменшік балабақшаларға да жыл сайын мемлекеттік тапсырыстар бөлінеді. Биыл жекеменшік балабақшаларға 10 мың 300 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда орындар саны 5 еседен астам өсті.

Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен 17 балабақша салынып жатыр.

Мектеп құрылысына да баса назар аударамыз. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен 2027 жылға дейін Астанада 180 мыңға жуық оқушы орнына (екі ауысымда) арналған 65 мектеп салынады, - деді Ж.Қасымбек.

Барлық жаңалықтар