00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтеді

16.02.2024 | 10:43
57
Фото: Сұлтан Сейіт

Қысқа ғұмырында сан ғасырға азық боларлық мол қазына қалдырған ақиық ақынның шығармашылығын өскелең ұрпақ арасында насихаттауға бағытталған әдеби-музыкалық кеште көрермен назарына ақынның халық арасында кеңінен таралған шығармалары ұсынылады.

Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағанбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Раушан Оразбаева, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Нұрболат Арзамасұлы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, Қайрат Айтбаев, Дінисламбек Жайлаубай, Перизат Тұрарова сынды айтулы өнер майталмандары мен талантты жас өнерпаздар және «Saz&Soul» тобы, «Astana Musical» мемлекеттік театры өнер көрсетеді. 

Кеш қонақтары: Жанқалдыбек Төленбаев, Серікзат Дүйсенғазы.

Ал кешті Жасұлан Наурызбайұлы жүргізеді. 

Барлық жаңалықтар