00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада құрылысы 13 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды

23.04.2024 | 19:16
Торғын Аман
83
фото: www.gov.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған «Триумф Сити» кешені аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрылысы ұзаққа созылған тағы бір тұрғын үй кешені аяқталды. «Триумф Сити» ТК құрылысы сонау 2011 жылы басталған. 13 жылдан кейін көпқабатты тұрғын үй кешенінің 1-кезегінің үлескерлері баспаналы болды. Қазір абаттандыру жұмысы жүріп жатыр.

«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС тарапынан осы үйдің құрылысын аяқтау, құжаттарын ретке келтіру бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізілді. Ал екінші-үшінші кезектің тұрғындары жақын арада пәтерлерінің кілтін алады деп жоспарланып отыр.

Осыған дейін мемлекеттің қолдауының арқасында құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталған. Осылайша 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасы шешілді.

Биылға құрылысы ұзаққа созылған 10 үй қалды. Олардың бір бөлігі аяқталды, ал қалғанын осы жылдың маусым айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Барлық жаңалықтар