00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада көпірден секірмек болған әйел құтқарылды

15.01.2024 | 09:30
38
фото: polisia.kz

Астанадағы Бейсеков көшесі бойындағы көпірден әйел адам секірейін деп тұрғаны туралы полицияға хабарлама түскен. 

Оқиға орнына патрульдік полиция жасағы екі минуттың ішінде жетіп, көпір қоршауының артында тұрған әйелді көрген. Тәртіп сақшыларының бірі жылап тұрған жас әйелді сөзге тартып, көңілін аулаған. Осы сәтті пайдаланған екінші полицей қоршаудан асып түсіп, секірейін деп тұрған әйелді ұстап үлгерген. Сөйтіп екеуі бірігіп жас әйелді  қауіпсіз жерге шығарған. 

Мән-жайды анықтау үшін аталған тұрғын Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. 

Барлық жаңалықтар