00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

22.04.2024 | 17:48
40
полиция
фото: polisia.kz

Астанада полиция халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бөгет» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады.

Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы кісі өлтіргені үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Өзбекстан Республикасы Сурхандария облысы ІІБ. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр, - деді ІІМ.

Естеріңізге саламыз, елорда аумағында осы жылдың 11 сәуірі мен 11 мамыры аралығында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың діни экстремизм мен терроризм жасауына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында «Бөгет» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар