00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада бірқатар тұрғын үй кешендері табиғи газға ауыстырылды

27.11.2023 | 11:00
46
Фото: gov.kz

Энергетика министрі А.Сәтқалиевтің Астана қаласының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында «Будапешт», «Cosmic City», «Куршевель», «Family Town» ТК тұрғындары автономды газ қазандықтарын қымбат сұйытылған газдан жылыту газына ауыстыру мәселесін көтерді.

Министр уәкілетті органдар мен ұйымдарға газдандыру мәселелерін жедел шешу туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Бүгінгі күні «Будапешт» және «Cosmic City» т/к автономды газ қазандықтары жылыту газына ауыстырылды, «Family Town» қазандығы бойынша қазандықтардың оттық түтікшелерін газға айналдыруды қайта реттеу жұмыстары жүргізілуде, - делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетейік, табиғи газға ауыстыру аталған тұрғын үй кешендеріне газдың үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді және тұрғындар үшін тарифті бірнеше есе арзандатады.

Барлық жаңалықтар