00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Астанада аккумулятор ұрлаған азамат құрықталды

07.06.2023 | 15:00
33
Фото: дереккөз

Қылмысты Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде анықтады, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақпарат көзінің мәліметінше, 44 жастағы ер азамат аккумуляторлық батареяларды ұрлаған. Оқиға түнгі уақытта Обаған көшесіндегі тұрақта болған. Жүк көлігін байқаған күдікті иесінің жоқтығын пайдаланып, көліктен құны 160 мың теңге болатын екі аккумуляторды қолды қылған. Ұсталған адам ұрлығын мойындап, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін автокөлік иелеріне көлік құралын күзет дабылымен жабдықтау, сондай-ақ өз көліктерін күзетілетін тұрақтарға немесе бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарға қою ұсынылады. 

Барлық жаңалықтар