00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Аналар күні» мерекесі алғаш рет атап өтілді

10.05.2024 | 21:02
173
Аналар күні

Биыл еліміздің мерекелік күндер күнтізбесі жаңа мерекемен толықты. Атап айтқанда, алғаш рет «Аналар күні» мерекесі атап өтілді, деп хабарлады Elorda.info.

10 мамырда Есіл ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына ақ жаулықты аналарымыз жиналып, аналар мерекесінің маңыздығына ерекшек мән берді. 

Орталық қызметкерлері Аналар мерекесін «Батыр ана», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне құрмет көрсетіп, олардың ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына қосқан еңбегін ұлықтау мақсатында ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шара «Аналар әлемі» атты сурет көрмесінен басталды. Сонымен қатар жиналғандарға «Қолөнер-тоқыма» атты шеберлік класы өткізілді.  

Аналар мерекесі Орталықтың көркем өнерпаздары даярлаған концертпен ұласты. Барлық әндер ана тақырыбына арналды. Қала зейнеткерлерінен құралған «Асыл мұра» домбырашылар оркестрі, «Ветераны» хоры мен «Сағыныш сазы»  ансамблі және т.б. өнерпаздар өнерлерін ортаға салды.

«Аналар күні» мерекесіне қатысқан зейнеттегі бір «Батыр ана», бір «Алтын алқа» және 12 «Күміс алқа» иегеріне қошемет көрсетіліп, сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шараға қала кәсіпкерлері демеушілік етті.

Барлық жаңалықтар