00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада 9 мыңға жуық абонент газға қосылды

06.09.2023 | 10:00
37

Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов көмірмен қамтамасыз ету және газдандыру туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада газ тарату желілерінің құрылысы үш кезеңге бөлінген. 2021 жылы газдандырудың 1-кезеңінің, сондай-ақ ішінара газдандырудың 2-кезеңінің құрылысы аяқталды. Жұмыстың қалған 2, 3-ші кезегі бойынша республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2022-2025 жылдарға жоспарланған.

Бүгінгі күні Көктал-1, Көктал-2 т/м, Агроқалашық, «Теміржол», өнеркәсіптік, Оңтүстік-Шығыс оң жағы, Оңтүстік-Шығыс сол жағы, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный т/м, сондай-ақ «Ақбидай», «Қазақауыл» үш шағын ауданында және қаланың ескі бөлігінде Потанин көшесі аумағында газ тартылды. Көгілдір отынға 8,8 мыңнан астам абонент қосылды.

Сондай-ақ 1, 2-ЖЭО-ның 16 қазандығы газға ауыстырылды. Газға 18 әлеуметтік нысан қосылған. Әлеуметтік нысандарды дизель отынынан газға ауыстыру өткен жылыту маусымы үшін 977 млн теңге сомасында бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда қала бойынша 9 мыңнан астам техникалық шарттар беріліп, 50 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Биыл аудандық «Тұран», «Тельман» қазандықтарына және «Ильинка», «Тельман», «Пригородный», «Family Village», «Өндіріс» т/м-ге газ жеткізу желілерінің құрылысы жалғасуда. Кварталішілік желілердің құрылысы 2024 жылы басталады, қазіргі уақытта олар бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Family Village, Шұбар тұрғын алаптарын газдандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Осылайша, 2024 жылы 300 мыңға жуық халық газбен қамтамасыз етілетін болады, - деді басқарма өкілі.

Изображение WhatsApp 2023-09-06 в 14.54.59.jpg

Тұрғындарды газға көшіруге көмектесу үшін келесі шаралар қабылданды:

1. Газға қосылу үшін құжаттар тізімі қысқартылды. Бұл қосылған абоненттер санын 3 мыңнан 8 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

2. 130 мың теңгеден басталатын газ есептегіш құралдары тегін берілді;

3. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 448,5 мың теңге (130 АЕК) мөлшерінде ақшалай өтемақы көрсетіледі;

4. Үйді газдандыруға банктер арқылы бөліп төлеу және пайызсыз несие беру бағдарламары бар, соның ішінде «Халық банкі» арқылы 1,5 жылға 750 мың теңгеге дейін.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, 20 минут ішінде техникалық шарттарды беруді қамтамасыз ететін тұрғын аудандарда мобильді топтар құрды. Барлық газ тарату желілері одан әрі техникалық және тұтынушыларға қызмет көрсету мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ұлттық операторына берілді.

Астана қаласында көмір өнімдері бойынша 11 қойма (тұйық), 14 халыққа көмір сататын жерлер бар, олар толықтай тиісті инфрақұрылыммен және жүк тиеу техникасымен жабдықталған. Бұл орындарда 8 дистрибьюторлық компания жұмыс істейді. Бір күнде көмір тұйықтары 21 459 тонна немесе 311 вагон қабылдай алады.

Жылыту маусымына дайындық және өткізу барысында көмір сатушылар 364 мың тонна көлемінде өтінім дайындады. Осы жылдың 1 мамыры мен 6 қыркүйегі аралығында қалаға халыққа қажетті 149 мың тонна көмір жеткізілді.

Айта кетейік, тұйықтағы көмір қоры 6 қыркүйектегі жағдай бойынша 22 мың тоннаны құрады. Бүгінгі күні орташа бағалар:

Шұбаркөл – тоннасы 15 100 теңге;

Қаражыра – тоннасы 15 500 теңге;

Майкүбі – тоннасы 13500 теңге.

Барлық жаңалықтар