00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада 2400 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды

08.02.2024 | 06:49
32
jenis_qasymbek/ Instagram

Осыған дейін балалар 90 жыл бұрын салынған мектепте оқып жүрген. Қазір оқушылар жайлы оқу орнында білім алып жүр.

Жаңа мектеп екі ауысымда 2400 оқушыға арналған. Оқу орны заманауи оқу кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ, спорт және акт залдары, медициналық кабинет, кітапхана, балалар алаңдары және т.б. бар.

«Осылайша, қазіргі оқу жылында 12 мектеп ашылды. Оқу жылының соңына дейін тағы 3 мектеп ашамыз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырамыз. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған жаңа форматтағы 24 мектеп саламыз. Олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл мен Нұра аудандарында орналасатын болады», - деді Жеңіс Қасымбек. 

Қала әкімінің айтуынша, 2027-2028 жылдарға дейін 200 мыңға жуық оқушыға арналған 80 мектеп салуды жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар