00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада 149 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

20.09.2023 | 05:30
36
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп үлестік құрылыс саласында тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

2019 жылдан бері проблемалы жылжымайтын мүлік саны 150-ден 32-ге, ал алданған үлескерлер 16 мыңнан 4 мыңға дейін қысқарды.

Осы кезеңде прокуратура 4 993 үлескердің мүддесіне 48,5 млрд теңгеге 125 талап-арыз жолдады.

Жосықсыз құрылыс салушыларға қарсы профилактикалық шаралар қабылдануда.

Уәкілетті органмен 2019-2023 жж. үлескерлерден ақша тартуға құқығы жоқ 149 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өткен кезеңде 4 құрылыс салушы сотталды.

Бүгінде полицейлермен 10 тұрғын үй кешенін салушы компания басшыларына қатысты 7 қылмыстық істер тергелуде.

5 адам қамауға алынды.

Аталған тұлғалардың әрекетінен 426 азамат зардап шеккен.

Елорда қонақтары мен тұрғындарына құрылыс салушыны таңдауда абай болу керектігін ескертеміз. Азаматтардың қаражатын тартуға құқығы бар құрылыс салушылардың тізімі egov.kz сайтында көрсетілген, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар