00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада 120 сарбаз әскери ант қабылдады

28.05.2023 | 13:00
40
Фото: gov.kz

Елордадағы «Отан қорғаушылар» алаңында Ақмола өңірлік гарнизонының №68665 әскери бөліміне көктемгі шақырылыммен келген 120 сарбаз салтанатты түрде ант қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Оған Қарулы күштердің ардагерлері, гарнизонның әскери қызметшілері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскерге шақырылушылардың туған-туыстары қатысты.

№68665 әскери бөлімнің Астанадағы бригада командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Талғат Құлмановтың айтуынша, борышын өтеуге келген жастардың бәрі жас жауынгер курсынан абыроймен өтіп, бір ай ішінде әскери істің негіздерін игеріп үлгерген.

Бүгін ант берген сарбаздар десанттық құрам қатарында дене дайындығын нығайтып қана қоймай, жоғары оқу орындарына жеңілдікпен түсуге мүмкіндік алады.

Барлық жаңалықтар