00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада 120 мыңнан астам зейнеткер тұрады

26.09.2023 | 06:00
36
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Брифингті қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік өткізді. 

Спикердің мәліметінше, бүгінгі таңда Астанада 120 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде 106 807 адам жасы бойынша зейнетке шыққандар, 13 074 – еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер (әскери құрылымдар), 8 – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, 1 473 – тыл ардагерлері. 

Жыл сайын санаторлық-курорттық емделуге 3 500-ден астам зейнеткер жіберіледі. Жыл басынан бері 3 357 адам жолдама алды, 2023 жылға 4 298 адамды курортпен қамтамасыз ету жоспарланған. 

1 қазан – Қарттар күніне орай зейнеткерлерге 2,5 АЕК мөлшерінде (8 625 теңге) бір реттік төлемдер төленеді.   

Екі жылда бір рет тіс протездеу, емдеу қызметтері бар. 2023 жылға жоспар 3 000 адам. Бүгінгі күні тіс протездеу және тіс емдеуге 1 529 адам қамтылған. Аталған қызметтерге тіркелу есепті жылдың 2 тоқсанында жүргізіледі, - деді Е.Мәлік.

Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек, 4 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда (213 240 теңге) басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері жасы бойынша зейнеткерлерге қарастырылған. Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi. Биыл 99 отбасы қамтылған – 5,4 млн теңге.

130 айлық есептік көрсеткіштен көп емес 448 500 теңге көлемінде Тұрғын үйді газдандыруға қарастырылған әлеуметтік көмек, үй иелеріне тұрғын үй көмегі – аталған көмек коммуналдық қызметтерге ақы төлеу (қалыпты шектерде) отбасының айлық жиынтық табысының 5 пайызынан асатын болса (төлемнің орташа мөлшері айына 25 мың теңгеге дейін) қарастырылады, қалалық жолаушылар көлігі бағыттарында тегін жүру жеңілдіктері бар. 

Зейнеткерлік жастағы адамдарды қолдау және оларды қоғамға тарту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуге бағытталған «Қамқорлық» «Белсенді ұзақ өмір» бастамасы аясында Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен 2022 жылдың қаңтарында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. 

Орталықта 27 түрлі бағытта үйірмелер, секциялар ұйымдастырылып, спорт залы, компьютерлік сынып, вокал, шығармашылық шеберлік сыныбымен жабдықталған, мәдени іс-шаралар (поэзия кештері, кітап тұсаукесері және т.б.) тұрақты өткізіліп тұрады. Мемлекеттік және ағылшын тілі курстары белсенді түрде өтуде. Орталық қызметтерін алушылардың үлкен қызығушылығын тудыратын компьютерлік сауаттылық курстары, эмоционалды босату кабинеті (сенсорлық кабинет), физиологиялық релаксация кабинеті ұйымдастырылады, - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Бүгінгі күні орталықта 7 500 астам зейнет жастағы адамдар қызмет алады. Қаланың төрт ауданында орталықтың филиалдары орналасқан. Есіл ауданы бойынша – Достық көшесі, 13 , Байқоңыр ауданы бойынша – Абай даңғылы, 46, Сарыарқа ауданы бойынша – Бейбітшілік көшесі, 25,  Алматы ауданы бойынша – Қошқарбаев көшесі 29 үйде орналасқан. 

Сонымен қатар, қалада «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға сапалы қызмет көрсетудің толық кешенін ұсынады. Әлеуметтік қызмет мүгедектігі бар адамдарға және зейнеткерлік жасқа толған, өзін-өзі күтуге қабілетсіз және денсаулығына байланысты стационарлық және үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін қарт адамдарға көрсетіледі. Биыл арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен 1 027 адам қамтылған. 

Барлық жаңалықтар