00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада 100-ге жуық шетелдік жауапкершілікке тартылды

24.11.2023 | 04:00
40
Фото: дереккөз

Астана аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Алдын алу іс-шарасының негізгі бағыттары – көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту, вандализм фактілерінің жолын кесу, заңсыз көші-қонды анықтау және т.б. 

«Құқықтық тәртіп» жедел шарасын өткізу кезінде елордалық полицейлер базарларды, құрылыс нысандарын, қоғамдық тамақтандыру мекемелерін, жатақханалар мен өндірістік кәсіпорындарды тексерді. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 95 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар Өзбекстан, Тәжікстан, ҚХР және Моңғолия азаматтары. Заңнаманы бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдаған 25 қазақстандық жауапқа тартылды. Іс-шара басталғаннан бері 7 шетелдік азамат елімізден шығарылды, - делінген Polisia.kz сайтының ақпаратында.

Айталық, рейдтік іс-шаралар барысында көші-қон қызметінің полицейлері «Эко-полигонда» заңсыз еңбек қызметі фактісін анықтады. Зауытта Өзбекстан Республикасының 25 азаматы рұқсат құжаттары мен жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жұмыс істеген. Бұл азаматтардың полигон аумағында жатақханада тұрғаны анықталды. 

Жергілікті атқарушы органның рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс беруші, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша жауапқа тартылды. Барлық шетел азаматтары жеке басын анықтау үшін Астана қаласы ПД қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

Барлық жаңалықтар