00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астана әуежайында орынсыз әзіл айтқан азаматқа қылмыстық іс қозғалды

14.06.2023 | 11:30
39

Астана әуежайында «Астана-Алматы» рейсіне тіркелу кезінде қазақстандық жолаушы өзінде жарылғыш заттың бар екендігі туралы әзілдеп айтқан. Осы ақпаратқа сүйене отырып, елордалық әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі дабыл қақты, деп хабарлады Elorda.info.

Осылайша, АҚҚ құқық қорғау органдарымен бірлесіп әуежай аумағын күдікті заттарға тексеруге мәжбүр болды. Орынсыз әзіл иесіне «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама» ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету керек, мұндай шаралар әлемдік тәжірибеден алынған жағдайларға негізделген қауіпсіздік стандарты. Авиациялық Қауіпсіздік басқармасы қазақстандықтарды өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ қол жүгі мен багаж бөлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысуға шақырады.

Барлық жаңалықтар