00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астана теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді

17.01.2024 | 11:00
51
Фото: дереккөз

Астана теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Күрделі жөндеу кезеңінде вокзал жөндеу жұмыстарын жүргізу аймақтарына кіруді шектей отырып, үздіксіз жұмыс істейтін болады. Объектіні пайдалануға беру мерзімі мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарт жасасқаннан кейін айқындалады.

Ауқымды жаңарту шеңберінде шатырды, қасбетті, вокзалдың ішкі үй-жайларын, жолаушылар платформалары мен олардағы құрылыстарды жөндеу жоспарлануда. Қолданыстағы дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, бейнебақылау, өрт-күзет дабылы және құлақтандыру құрылғылары жаңғыртылатын болады, - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ инженерлік жүйелерді ауыстыру, вокзалдың іргелес аумағын абаттандыру көзделген.

Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде халықтың барлық топтары үшін қолайлы және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Барлық жаңалықтар