00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астана мектептерінде «Рақмет саған, Отаным» челленджі өтті

01.03.2024 | 12:33
46
Фото: Оңалхан Өнерхан

Барлық білім беру ұйымдарында «Рақмет саған, Отаным» атты бірыңғай ашық сабақ өтті, сондай-ақ алғыс тақтасы ұйымдастырылды.

Мұғалімдер «Алғыс айтуда шекара жоқ» тақырыбында сынып сағаттарының циклын дайындады.

98e31063-a790-436d-989a-8b6975634584.jpg

Оқушылар мерекеге «Жүректен – жүрекке» бейнероликтер мен флешмоб әзірлеп, сондай-ақ қарт адамдарға көмек көрсетті.

Мектептерде «Алғыс шын жүректен шығады» суреттерінің фотокөрмелері, «Алғыс – ең қымбат сөз» презентациялар байқауы және құтқарушылардың балалармен кездесулері «Бізде ризашылық білдіруге себеп бар» іс-шаралары ұйымдастырылды.

b8735553-c90a-4fd9-902a-513d45b6f59e.jpg

Қаланың музыкалық мектептерінде «Алғысым шекіз» мерекелік концерттері өтті.

Оқушылар аналар мен әкелерге арналған «Рақмет, ата-анам!», «Ұстазым, сізге ән алғыс!», сондай-ақ «Рақмет айт» мейірімділік акцияларына белсенді қатысты.

Мұндай іс-шаралар қаланың мектептерінде, колледждерінде және қосымша білім беру ұйымдарында өтті.

Барлық жаңалықтар