00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астана қаласы әкімі азаматтарды қабылдады

05.01.2024 | 07:00
69
фото: дереккөзден

Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Азаматтарды қабылдадым. Қабылдаулар кезінде тұрғындар негізінен баспана, медициналық көмек, әлеуметтік көмек, абаттандыру, әлеуметтік нысандар салу және т.б. мәселелер бойынша жүгінеді.

Осының негізінде қаланың дамуына қатысты толықтырулар енгіземіз. Мәселен, 2024-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 24 мектеп салынады. Сонымен қатар, өзге де мемлекеттік мектептер саламыз, сол сияқты жеке инвестициялар жұмылдырамыз.

Биыл мемлекеттік балабақшалар салу жұмысына да кірісеміз. Сондай-ақ, биыл бес Оқушылар сарайының құрылысын бастаймыз. Ал 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын салуды жоспарлап отырмыз.

Азаматтарды қабылдаулар барысында көтерілген мәселелерді назарда ұстаймыз. Проблемаларды шешуді қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді деп бөлеміз, - деді Жеңіс Қасымбек. 

Барлық жаңалықтар