00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттеріне – 33 жыл

13.10.2023 | 07:30
46
Коллаж: Elorda.info

Бүгін «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінің жарық көргеніне 33 жыл толды, деп хабарлады Elorda.info.

Республикалық «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газеттері 1990 жылғы 13 қазаннан бастап жарық көріп келеді. Аптасына 12 беттен 3 рет басылатын басылымның апталық тиражы 15 мың данадан асады.

«Астана ақшамы» газетін Қазақстан Президенті сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі Еркін Қыдыр басқарады. 

Басылымда бүгінде 15 маман еңбек етеді. Олардың арасында 6 тілші «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Ұжымның табысты еңбегінің арқасында 2018 жылы басылым ҚР Президентінің Алғысын, «Nur Sunqar» ұлттық сыйлығын алды.

«Вечерняя Астана» республикалық қоғамдық-саяси газетін тәжірибелі маман, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерейтойлық медалінің, ҚР Президентінің Құрмет грамотасы, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Лариса Увалиева басқарады. 

Бұл ұжымда да 15 маман жұмыс істейді. Олардың көпшілігі республикалық конкурстардың жеңімпазы, сол сияқты құрмет грамоталарымен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.

2022 жылы басылым баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысының Алғыс хатын алған.

Барлық жаңалықтар