00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы: Елордада 23 мың адам жұмыспен қамтылды

24.11.2023 | 09:53
34
Фото: дереккөз

Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен AMANAT партиясы Астана қалалық филиалы  «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының  Жол картасын іске асыру барысы туралы Астана қалалық мәслихатындағы фракциясының VII жиналысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Сайлауалды бағдарлама негізгі 4 бағыттан тұрады.

Биыл 126 тармақты құрайтын Жол картасының 117 тармағы орындалу барысында. Ал қалған  9-ы бойынша орындалу мерзімі басталған жоқ.

Қазан айында Астана қаласы бойынша сайлауалды бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдауға сәйкес 2023 жылы орындалатын 117 іс-шараның 47-сі мәресіне жетсе, орындау сатысында 70-і тұр. 

632936c9-6e5d-464b-8b1d-a52c4a8fca8f.jpg

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жол картасының тармақтары бойынша нақты атқарылған жұмыстарды атап өтті. Оның ішінде:

«Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,2%-ға артты. 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49%-ға артық.

Тауар айналымы. Соңғы бірнеше жылда Астана шағын және орта бизнестің үлесі бойынша көшбасшылығын сақтап келеді. Биылғы бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 73% құрады, бұл орташа республикалық мәннен 2 есе көп.

Жұмыссыздық. Жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 4,7% төмен. Жұмыспен қамту шараларына 23 мың адам қамтылды. 12 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 7,5 мың адам тұрақты жұмыс орындарына ие болды. Жұмыссыздарға көмек көрсету және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін «JOLTAP» жобасы іске қосылды, оның шеңберінде «Баршаға қолдау» модульдік пункттері арқылы тұрғындар кірістерді арттыру мүмкіндіктері бойынша кеңес ала алады.

Инфрақұрылым. ЖЭО-3 бірінші кезегінің және «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» екі газ жылу станциясының құрылысы аяқталды, бұл қосымша 1 130 Гкал жылу қуатын қамтамасыз етті.

Сумен жабдықтау. Маусым айында Астана су қоймасынан қосымша су құбыры іске қосылды, бұл тәулігіне 90 мың м3 көлемінде қосымша су беруді қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда қалада су тапшылығы байқалмайды.

Автомобиль трафигі. Негізгі магистральдарды түсіру үшін қазан айының соңында Әл-Фараби даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жаңа көпір арқылы жол ашылды.

Көгалдандыру және абаттандыру. 165 қоғамдық және аула кеңістігін абаттандыру аяқталды. Жалпы 45 жасыл аймақ құрылды, оның ішінде 2 саябақ, 10 сквер және 33 қоғамдық кеңістік бар. Олар қала тұрғындары мен қонақтары арасында танымал.

Тұрғын үй. Қалада кезекте тұрған әртүрлі санаттағы 1,4 мың отбасына, соның ішінде жетімдерге, көпбалалы аналарға, әлеуметтік осал азаматтарға және жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылғандарға баспана берілді.

Білім беру жүйесі. Биыл 14 жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Оның алтауы пайдалануға берілді, сегіз мектептің құрылысы жалғасуда (жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда). Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 2025 жылға қарай 90 мың оқушыға арналған 24 мектеп салынады. Оның 15-і Есіл мен Нұра аудандарында орналасады, - деді әкім.

Amanat партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов сөз соңында сайлауалды бағдарламаның орындалуын жан-жақты бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін тілге тиек етті:

Сайлауалды бағдарлама стратегиялық құжат, осы бағдарламамени сайлауға түстік. Сайлаушыларымыз бізге, біздің бағдарламамызға сенді. Мәслихаттағы 34 орынның 29-ы біздің партиялықтар, біздің сайлаушыларымыз бізден нәтиже күтуде, бұл партия мен билікке, партия мүшелеріне басшылық лауазымдарда деген сенім, - деп атап өтті.

Фракцияда жол картаның орындалуына жасалған мониторинг қорытындысы талқыланып, қаралған мәселелерге депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылды.

Барлық жаңалықтар