00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«AMANAT» партиясы әріптестерімізге Алғыс хат табыстады

27.06.2023 | 15:28
36

 «AMANAT» партиясы «Elorda Aqparat» медиа холдингінің журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бір топ қызметкерге Алғыс хат табыстады, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл Журналистер күні Астананың 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Аталмыш партияның Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Мұхамеджан Болысбек журналистерді құттықтап, Алғыс хат табыстады.

WhatsApp Image 2023-06-27 at 15.02.43.jpeg

Сіздерді Ақпарат және байланыс қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай, әлем бойынша болып жатқан оқиғалар туралы  дер кезінде хабар алып келеміз. Бұл ең бірінші ақпарат айдында жүрген журналистердің еңбегі. Сіздерге барлық жақсылықты тілейміз, еңбектеріңізді білеміз, бағалаймыз. Отбасыларыңыз аман болсын, шығармашылық табыс тілеймін,- деді Мұхамеджан Болысбек.

Барлық жаңалықтар