00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Amanat партиясы елордалық филиалына жүгінген тұрғындардың мәселелері оң шешілді

28.04.2023 | 16:00
44
Фото: wikipedia.org

Amanat партиясы елордалық филиалының қоғамдық қабылдауына Алматы ауданының Н. Төлегенова есімді тұрғыны жүгініп, Абылайхан көшесіндегі тұрғын үй кешенінің аумағын көгалдандыру мәселесін көтерген, деп хабарлады Elorda.info.

Жалпы, елордада көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқаны мәлім. Елорданың көптеген ауданында жайлы аулалар құрылған, алайда тұрғын үй кешені тұрғындары өздерінің аулаларынан сұрқай көрінісіне қынжылып, партия филиалына жүгінген көрінеді.

Тұрғындардың өтінішін партия қызметкерлері бірден қарауға алып, Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппаратына жолдады. Мәселе тез уақыт аралығында оң шешіліп, әкімдік тұрғын үй аумағын әктеу бойынша дереу шаралар қабылдаған.

Нәтижесінде Абылайхан көшесінің тұрғын алаптарында аулаларға барлық жағдай жасалып, қазіргі таңда тұрғындар Amanat партиясының филиалына жәрдемдескені және жеделдігі үшін зор алғыс білдірген.

Сондай-ақ партияның елордалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне әр түрлі диагноз бойынша өзі және ұлы үшін тиісті емдеу шараларын ала алмаған әйел жүгінген. Отбасы «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығында тіркелген.

Жалпы, қалалық филиалға осындай әртүрлі ауруларымен көптеген отбасы келіп жүгінеді. Бұл мәселені шешу үшін жедел шаралар қабылданды. Сонымен, денсаулық сақтау өкілінен бұл азамат осы орталықта ДКК-ге жазылды деген жауап келді. Кейіннен қажетті медициналық іс-шаралардан өткеннен кейін өтініш беруші мен ұлының денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында медициналық процедуралар бекітілген.

Сонымен қатар әйел мен оның ұлы «Шипагер» орталығы басшысы орынбасарының жеке қабылдауында болып, қазіргі таңда қалалық филиалдың жедел әрекеті үшін алғыс білдірді.

Барлық жаңалықтар