00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Алдағы алты жылда Астанадағы 206 апатты үйдің мәселесі шешіледі

22.12.2023 | 06:57
32
Фото: gov.kz

Астанада 2029 жылға дейін 206 апатты үйден 4 710 тұрғын үй иесін көшіру жоспарлануда. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар орталығында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Алғашқы 3 апатты үйдің тұрғындары көшірілді. Жұмыс жалғасуда.

Жыл басында жұртшылық наразылық білдіріп, жедел шешімді талап еткен 20-дан астам объект болды.

Қаланың егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер енгізу жұмыстары атқарылды.

Барлық шешім қала белсенділерінің қатысуымен қабылданды. Шешімдердің 90 пайыздан астамы қала тұрғындарының пікірін ескере отырып қабылданды, - деді Ж.Қасымбек.

Тығыз құрылыс объектілерінің барлығына дерлік оң шешімдер қабылданды: мектеп, білім беру орталықтары мен денсаулық сақтау мекемелері сияқты 8 әлеуметтік объект және 9 қоғамдық кеңістік жоспарланды.

Қалған объекттер бойынша сот шешімін күтіп отырғанын жеткізді.

Барлық жаңалықтар