00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Қайырымдылық істер марафонына» кез келген астаналық қатыса алады

18.01.2024 | 09:30
45
Фото: дереккөз

«Қайырымдылық істер марафонының» басты мақсаты – еріктілер мен қаланың барлық тұрғындарына халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттарына, қарттарға, мұқтаж жандарға, зейнеткерлерге барынша көмек көрсетуге мүмкіндік беру.

Акцияға қатысушылар зейнеткерлер мен жалғызбасты қарттардың аулаларындағы қарды тазалайды, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға азық-түлік себеттерін тасымалдайды, қарттарға ағаш кесуге көмектеседі және коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай ұсынады.

Кез келген адам еріктілер қатарына қосыла алады. Ол үшін «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының Instagram аккаунтына хабарлама жазу қажет.

«Қайырымды істер марафоны» акциясы аясында сіздер біздің қатарымызды толықтырып, ерікті бола аласыздар. Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін есте сақтаңыз», - дейді астаналық жастар.

Естеріңізге сала кетсек, «Қайырымдылық істер марафоны» басталғаннан бері елордалық еріктілер жеке секторларда жалғыз тұратын 35-тен аса зейнеткердің үйінің маңайын қардан тазартты. 50-ге жуық іс-шара өткізілді. Мысалы: жалғызбасты зейнеткерлерге бару, коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай мен бауырсақ тарату, қар тазалау, жануарларға арналған орындарға бару, жалғызбасты зейнеткерлердің үйін жинауға көмектесу, азық-түлік себеттерін тасымалдау және т. б.

Барлық жаңалықтар