00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Елордада 14 жерінен пышақталған мешіт қызметкері ауруханадан шықты

01.04.2023 | 00:59
Елорда ақпарат
28

Елордада бірнеше жерден пышақ жарақатын алған мешіт қызметкері ауруханадан шығарылды, деп хабарлады Elorda.info  Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Пациент жазылып үйіне шықты, өзін жақсы сезінеді. Оның толық қалпына келуіне біраз уақыт керек, - дейді №3 қалалық көпбейінді аурухананың емдеуші дәрігері, хирург Арман Сарқытбай.

Өз кезегінде пациент Мұслухаддин Надыров аурухана басшылығы мен дәрігерлерге ризашылығын жеткізді.

Мені ауруханаға 14 жерден пышақ жарақатымен, ес-түссіз алып келді. Дәрігерлер жанымды аман алып қалды. Хирургия бөлімінің жетекшісі Сергей Вервейн мен емдеуші дәрігер Арман Сарқытбайға алғысым шексіз, - дейді жазылып шыққан мешіт қызметкері.

Айта кетейік, 15 наурызда Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін біреу пышақтап кетті.

Барлық жаңалықтар