00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалық оқушылар «Қазақ еліне мың алғыс» челленджін бастады

31.03.2023 | 23:41
Айман Нығмет
31

Бүгін Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Астана қаласының 127 білім мекемесінен 6 350 бала «Қазақ еліне мың алғыс» челленджіне қатысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

Челлендж таңғы сағат 8.00-де басталды. Челенджтің мақсаты – өскелең ұрпақтың туған елге деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Аталмыш іс-шараның қатысушылары Астана қаласы Мектепішілік және Студенттік Парламент белсенділерінен құралған.

Челлендж символы жүрек формасы арқылы ризашылық білдіріп, болашақ пен бүгінгі Қазақстанның ұлттық бірлігіне жауапкершілікті сезіну болып табылады. Челлендж бойынша фото, бейнежазбаларды әлеуметтік желілерден #АстанаданҚазақЕлінеМыңАлғыс хэштегімен көруге болады.

Барлық жаңалықтар