00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Жеңіс Қасымбек бокстан Азия чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті

31.03.2023 | 23:39
Елорда ақпарат
37

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2023 жылғы 22 жасқа дейінгі бокстан Азия чемпионатының және 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатының жеңімпаздарымен әрі жүлдегерлерімен кездесті, деп хабароады Elorda.info.

22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында елордалық спортшы Санжар Тәшкенбай алтын медаль иегері атанды. Чемпионат осы жылдың қаңтар айында Таиландта өтті.

Иштван Бочкаиды еске алуға арналған халықаралық турнирде де (2023 жыл, Венгрия) ағайынды Оралбайлар керемет нәтиже көрсетті. Айбек Оралбай халықаралық турнирдің жеңімпазы атанса, оның ағасы Нұрбек Оралбай қола жүлдегер атанды.

Бокстан (Иордания) XXXII Азия чемпионатында елордалық спортшыларымыз 4 жүлдеге ие болды: Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай алтын медаль иегері атанса, тағы екі спортшымыз қола медаль жеңіп алды.

Спортшылармен және олардың жаттықтырушыларымен кездесуде боксты одан әрі дамыту, алдағы жарыстарға дайындық, спортшыларды қолдау шаралары және т.б. мәселелер көтерілді. Проблемаларды шешу жұмысы қолға алынды. Шаршы алаңдағы әрбір жекпе-жек пен жеңістің артында күнделікті тынымсыз жаттығулар, шыдамдылық және үлкен еңбек жатыр. Спортшыларымызға сәттілік пен үлкен жеңістер тілеймін, -деп жазды әкім.

Барлық жаңалықтар