00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордаға 1,5 млрд инвестиция тартылды

31.03.2023 | 22:19
Елорда ақпарат
19

Елордаға 1,5 млрд инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Мейрамбек Әшірбеков айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елорданың тұрғын алаптарын интернетпен қамту бойынша бұған дейін Көктал-2 тұрғын алабы интернетке қосылған болатын. Заманауи GPON технологиясы жарықтандыру бағаналары мен электр желілерінің бойымен жұмыс істейді. Баршын, Құланөтпес, Саумалкөл, Айдарлы, Ақмола, Ұлытау және т.б көшелер бойында орналасқан 200 үй қосылуға дайын, - деді басқарма басшысы.

Сарыарқа ауданы, Көктал-1, 2 тұрғын алабы, Агроқалашық-Инвестор «Қазақ үй байланыстары» ЖШС, бүгінгі күнге Көктал-2 вокзалының бойымен 16 шақырым көше кабельдері тартылды.

Мейрамбек Әшірбековтің айтуынша, былтыр қарашада Көктал-2 алғашқы абоненттері қосылды, Көктал-1 тұрғын алабында 7 шақырымнан астам көше кабельдері тартылды. Абоненттерді қосу осы жылдың наурыз айына дейін жоспарланып отыр.

Есіл ауданы, Үркер тұрғын алабы, Тельман – «Synergy Telecom» ЖШС инвесторы. Бүгінгі таңда Үркер т/а бойына 20 шақырым көше кабельдері тартылды. Абоненттерді қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қалаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 1,5 млрд. Елордада 16 тұрғын алабы және 1 саяжай алабы бар, олардың 5 тұрғын алабында (Теміржолшылар, Заречный, Пригородный, Үркер, Көктал-1), тағы 9 тұрғын алабта (Көктал-1, Агроқалашық, Халықаралық, Оңтүстік-Шығыс, Индустриалды, Тельман, Мичурино, Казқалашық, Кирпичный) жоғары жылдамдықты интернетке қол жетімділігі бар, оптикалық байланыс желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде, 3 тұрғын алабында (Қоянды, Күйгенжар, Өндіріс) инвесторлар тартылуда, - деді М.Әшірбеков.

Сондай-ақ  «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп Үркер тұрғын алабындағы Малайсары батыр, Таукент, Ер Төстік, Мәди, Мұрын жырау, Омбы, Сырым батыр, Бойтұмар, Жасыбай, Смағұл Садуақасов көшелерін қамтыған 290-нан астам тұрғын үйді микротүтік арқылы қамтитын желілерді салу жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, абоненттерді қосудың тарифтік жоспары 4 500 теңгеден басталады (жылдамдық 50 Мбит/с-тан 500 Мбит/с дейін). Бүгінгі таңда Үркер тұрғын алабында 20 шақырым көше кабельдері тартылды. 50 абонент қосылды, 70 өтініш бойынша жұмыс атқарылуда.

Барлық жаңалықтар