00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы жалғасып жатыр

31.03.2023 | 22:16
ҒаниАтымтай
32

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының кезекті маусымы ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында алғашқы сөз кезегін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Нұрлыбек Жеңісбекұлы бастап, «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының қатысушыларынан алдағы уақытта мемлекеттік қызметте үлкен нәтиже көретіндерін айтты.

«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының негізгі мақсаты – дарынды, талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тарту, жоба барысында олардың біліктілік қабілеттерін және кәсіби шеберліктерін дамытуға бағытталған.

«Бұл жоба 5 кезеңнен тұрады. Яғни өтініш тапсыру, іріктеу кезеңі, білікті мамандардан дәріс алу, мемлекеттік мекемелерде тәжірибеден өту және сертификат табыстау.

2022 жылдың қыркүйек айында  «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының кезекті маусымына қабылдау ашылып, 1-15 жетоқсан аралығында өтініш қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде жобаға қатысуға 63 жас азаматтан өтініш түсті. Олардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері бар (құқықтану, мемлекеттік басқару, әлеуметтану, жер қатынастары, мемлекеттік аудит, журналистика, қаржы және экономика т.б. мамандықтары), – дейді департаментінің басшысы Әли Көмекбаев.

Оның айтуына қарағанда, 2023 жылдың 10 қаңтар күні өтініш білдірушілермен онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы іріктеу кезеңі өткізіліп, жобаға 39 қатысушы қабылданды.

Жастар үшін бұл жобаның берері мол. Мәселен, ЖОО-да оқып жүрген жастар осы жобаның арқасында мемлекеттік қызмет саласына қатысты пайдалы ақпараттарды біліп, қызметтің жауапкершілік жүгін сезіне алады. Жоба қатысушылары оқыту барысында «Болашақ» бағдаламасы, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері, «Үздік мемлекеттік қызметші» атанған білікті мамандармен кездесіп, дәріс алады. Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында алғаш мемлекеттік қызметке орналасушыларға арналған қайта даярлау және біліктілік арттыру курстары бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіледі, – дейді департамент басшысы.

Бұдан бөлек, қатысушылар Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығына барып тестілеу өтудің тәртібі және ережелерімен танысатын болады.

Оқыту аяқталғаннан кейін, қатысушыларды өздерінің мамандықтарына байланысты Астана қаласының мемлекеттік мекемелеріне тәжірибеден өтуге жіберіледі.

Бүгінгі күні бұл жобаны аяқтаған қатысушыларға алдағы уақытта мемлекеттік қызметке орналасу жағынан біршама жеңілдіктер қарастырылуы бойынша әдістемелік жоспар жасалынуда.

 

Барлық жаңалықтар