00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Байқоңыр ауданының әкімі көп балалы аналарды Алтын және Күміс алқамен марапаттады

31.03.2023 | 22:06
Елорда ақпарат
37

Бүгін Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімі аппаратында ауданның көпбалалы аналары алтын және күміс алқамен марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы аудан әкімдігінің facebook-парақшасында жарияланды. 

Кеудесі медальға, құшағы гүлге толған аналарымызды аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев арнайы құттықтап, мемлекеттік марапаттарын табыстады.

Өз сөзінде аудан басшысы қоғам дамуында аяулы аналардың атқарар рөлі ерекше екенін атап өтті.

Еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақ тәрбиелеп, ел демографиясының өсуі мен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған ардақты аналарымызды біз де марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! – делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар