00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Есіл ауданының әкімі №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасының балақайларын Жаңа жылмен құттықтады

31.03.2023 | 21:31
Елорда ақпарат
23

Есіл ауданының әкімі №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасында болып, балақайларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балабақша 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, барлығы – 13 топ, оның 6-ауы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, 4-і психикалық дамуы тежелген балаларға және 3-еуі сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған. Балалар спорт залына, бассейнге, саунаға барады, дәрігерлердің бақылауымен ыстық ваннаны, массаж бөлмесін, тұзды бөлмені қабылдайды, физиотерапия кабинеті жұмыс істейді. Дене шынықтырумен айналысуға арналған зал дене дамуының бұзылуының орнын толтыруға арналған арнайы жабдықтармен - мотомедпен, иппотренажермен, вертикализаторлармен, Гросс аппаратымен жабдықталған, компесаторлық қозғалыс құралдары - арбалар, бейімделгіш үстелдер, орындықтар және т.б. пайдаланылады.

Балаларға арналған барлық дерлік сабақтар әрқайсысының қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке-жеке өткізіледі.

Балабақша меңгерушісі Жанар Мұқашева атап өткендей, балабақша миссиясы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеуге және білім беру интеграциясына бағытталған. Шығармашылық әлеуетті дамыту үшін мұнда «Асыл бөбек» балабақшасының тәрбиеленушілері мен түлектері - таланттар байқауының лауреаттарына хормен вокал бойынша сабақтар өткізіледі.

Аудан әкімі Асылбек Есенбаев балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, тәтті сыйлықтар беріп, балаларға барлық тілектерінің орындалуын, денсаулық пен бақыт тіледі.

Барлық жаңалықтар