00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Байқоңыр ауданының әкімі №3 арнайы мектеп оқушыларын мерекемен құттықтады

31.03.2023 | 21:30
Елорда ақпарат
34

Бүгін Жаңа жыл қарсаңында Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев №3 арнайы мектепке барып, балаларды мерекемен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкім аталған мектептің балаларын Жаңа жылмен құттықтай отыра, ақжарма тілегін де жеткізді. Сонымен қатар Тәуелсіз қазақ балаларына тәрбие беру жолында осы мекемеде адал қызмет етіп келе жатқан әр ұстазға шексіз алғысын білдіріп, еңбектеріне толағай табыс тіледі. 

Жаңа жылды асыға күткен балақайлар Аяз ата мен Ақшақарды қуана қарсы алып, жылдың бас кейіпкері – қоян бастаған ертегі кейіпкерлерінің қызықты көріністері мен концерттік бағдарламаларын тамашалады. 

Сондай-ақ балаларға аудан әкімдігі мен аудан демеушілерінің атынан кішігірім тәтті сыйлықтар да таратылды. 

Естеріңізге сала кетейік, биыл №3 арнайы мектептің оқушылары үшін бірқатар мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, «Айланд» отбасылық демалыс орталығына (океанариум, джунгли, экзотариум) тегін барды, сондай-ақ балаға елордадағы кинотеатрларға тегін барса, аудан әкімінің балаларға арналған жаңажылдық шыршасына қатысты.

Барлық жаңалықтар