00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада ерекше білім беруді қажет ететін балаларға үлкен көңіл бөлініп отыр – Есет Байкен

31.03.2023 | 21:15
Елорда ақпарат
38

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар елорда басшылығының жіті назарында. Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Байкен мәлім етті, деп хабарлайды Еlorda.info.

Жыл сайын түзеу, психологиялық, медициналық-педагогикалық кабинеттердің саны артып келеді. Осылайша, жыл басынан бері инклюзивті қолдау кабинеті, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және медициналық-психологиялық-педагогикалық консультация кабинеті қосымша ашылды. Елордада ерекше қажеттіліктері бар 810 баланы қамтитын 80 такси қызметі жұмыс істейді, - деді әкім орынбасары.

Баяндамашы елордада балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін үш балалар ауруханасы мен 37 медициналық ұйым бар екенін атап өтті.

Жыл басынан бері ерекше қажеттіліктері бар 3 900 бала оңалту қызметімен қамтылды, 0 мен 17 жас аралығындағы науқастар скринингтік тексерумен қамтылды. Айта кетерлігі, босану бөлімшелері қажетті скринингтік құралдармен толық жабдықталған, - деді Есет Байкен брифинг барысында.

Барлық жаңалықтар