00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада соңғы екі жылда 7 мектеп салынды

31.03.2023 | 21:12
Елорда ақпарат
13

Астанада соңғы 2 жылда мемлекеттік қолдау шараларының арқасында инвесторлар жалпы құны 24 млрд теңгеден асатын 7 мектеп салды, деп хабарлады Elorda.info.

6 мың оқушы орны және 580 мектепке дейінгі білім беру орны, яғни Tamos Space School, Quantum STEM SCHOOL, Alpamys School, Garden School және т. б. жобалар. Қалған мектептерді іске асыру одан да ауқымды болмақ, олар өз кезегінде 19,7 мың оқушы орны және 1,8 мың мектепке дейінгі орынды қамтитын болады.

Астанада жеке инвесторлар есебінен денсаулық сақтау және спорт нысандары салынуда. Мысалы, биыл үстел теннисі орталығы іске қосылды, инвестор 2 млрд теңгеден астам қаржы салды. Келесі жылы жалпы инвестиция көлемі 5,5 млрд теңгені құрайтын көпфункционалды балалар-жасөспірімдер спорт орталығының, сонымен қатар, 600 млн теңгеге дзюдо орталығының құрылысы аяқталады, – деді Ерлан Бекмурзаев.

Барлық жаңалықтар