00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордалық парахоккейшілер әлем чемпионатынан жүлделі оралды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 21:06
Елорда ақпарат
19

Кеше әлем чемпионатының жүлдегерлері мінген ұшақ Астана халықаралық әуежайына қонды, деп хабарлады Elorda.info.

Ел намысын қорғаған Қазақстанның жалғыз парахоккей құрамасы мүшелерін жанкүйерлері, туған-туысқандары, достарымен қатар Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және спорт саласының бірқатар басшылары әуежайдан үлкен қошеметпен күтіп алды. Ән-күймен қарсы алған өнерпаз жанкүйерлеріне команда мүшелері өз алғыстарын білдірді.

Осындай құрмет көрсетіп, әуежайдан ыстық ықыласпен қарсы алуға келген барша жанкүйерлерімізге, қалалық спорт басқармасына алғысымыз шексіз. Өте қуаныштымыз. Қазіргі көңіл күйімді сөзбен жеткізе алмаймын. Бізге қолдау көрсетіп, біз үшін тақым қысқан барша ағайынға алғыс айтамын. Жанкүйерлердің сенім үдесінен шыға алғанымыз - үлкен бақыт, - дейді Астана қаласы парахоккей федерациясының басшысы әрі команда мүшесі Қайрат Сабиров.

Еске сала кетейік, 6-11 желтоқсан аралығында Таиланд елінің Бонгкок қаласында парахоккейден Әлем Чемпионаты өткен болатын. Турнирге Қазақстан, Таиланд, Австрия, Ұлыбритания және Франция командалары қатысты.

Отандық параспортшылар үшін бұл жоғары халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыс. Дебюттік турнирде спортшылар төрт матчта үш рет жеңіске жетіп (7:0, 10:0 және 9:2), тек Ұлыбритания командасына (0:6) есе жіберді.

Осылайша қатарынан үш команданы ойсырата жеңген жерлестеріміз парахоккейден (следж-хоккей) С пулындағы әлем чемпионатында екінші орынға табан тіреп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Елордалық парахоккей федерациясы 2021 жылы құрылған. Команда мүшелерінде 18 адам, соның ішінде бір қыз және екі жаттықтырушы бар.

Біз алғаш рет 2021 жылы Астана қаласы парахоккей федерациясы болып құрылдық. Бастамашылармүмкіндігі шектеулі, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар. Мақсатымыз – аяқ ампутациясы немесе кез келген басқа диагнозы бар, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесу. Мысалы, спортшылар арасында аяғынан айырылған кәсіби футболшылар бар. Олар парахоккейге келіп, жаңа өмірді бастап, үмітке қол жеткізді деуге болады. Командамызда 18 адам, соның ішінде бір қыз және екі жаттықтырушы бар. Ең кішісі – 17-де, үлкені 57 жаста. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жалғыз мұз сарайы Астанада «Тарлан» спорт кешенінде орналасқан. Қазіргі уақытта біз сол жерде оқу жаттығу жиындарын өткіземіз, - деді Астана қаласы парахоккей федерациясының басшысы Қайрат Сабиров.

Жарыс соныңда паралимпиада ойындарының чемпионатын ұйымдастырушылар қазақстандық құраманың ойынына тәнті болып, 2-орын алғанына қарамастан, 2023 жылы В тобында өтетін келесі чемпионатта өнер көрсетуіне жолдама берді.

Барлық жаңалықтар