00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада 20 қараша күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

31.03.2023 | 20:09
Елорда ақпарат
30

Астанада ҚР Президент сайлауы өтетін күні (20 қарашада) қоғамдық көліктер тегін жүреді, деп хабарлады Elorda.info.

Сайлау күні автобустар (қалалық бағытта да, қала маңындағы бағыттарда да) тегін болады. Қоғамдық көліктер әдеттегі кесте бойынша сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. 21 қарашадан бастап қоғамдық көліктер қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы әдеттегідей жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап қаланың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін тегін жол жүру жүйесі енгізілген болатын.

Сондай-ақ, азаматтардың жеңілдетілген санаттары, оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көп балалы отбасылар және т. б. тегін жол жүру жүйесін пайдаланады.

Барлық жаңалықтар