00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордалық «Үздік педагогтер» марапатталды

31.03.2023 | 20:09
Елорда ақпарат
37

Елордада «Үздік педагог - 2022» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылы байқау https://teachercontest.iac.kz. веб-порталда онлайн өтті түрде өтті.

Порталға барлығы 200-ден астам өтінім қалдырылған, 115 қатысушы сауалнаманы толтыруды толық аяқтап, олардың материалдары сараптамаға жіберілді. Оның ішінде 32-сі – мектепке дейінгі білім беру қатысушысы, 4-еуі – қосымша білім беру мекемесінің қызметкері, 68-і – жалпы орта білім беру мекемесінен, 6-ауы –ТжКБ ұйымынан, 5-еуі – арнайы білім беру мекемесінен.

Байқау қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 5 қатысушы байқау жеңімпаздары болды және «Үздік педагог – 2022» атағын беруге арналған республикалық байқауға қатысуға ұсынылды. Олар:

  • Бейсенбаев Дәурен Манапұлы, «№1 өнер мектебі» МКҚК көркемсурет бөлімінің оқытушысы;
  • Салахадинова Евгения Ивановна, «№46 балабақша – мектеп-гимназия кешені» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
  • Мұрат Қаныбек Рахманұлы, «Дарын» №82 мамандандырылған лицейі» КММ география пәнінің мұғалімі;
  • Қасымов Ержан Маратұлы, «Astana Polytechnic Жоғары колледжі» ШЖҚ МКК өндірістік оқыту шебері;
  • Конкулов Қорған Кәкімжанұлы, «№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бейімделгіш дене шынықтыру мұғалімі.

Әрбір педагогке – 918 900 теңгеден сыйақы берілді. Жалпы жүлде қоры 4 590 000 теңге.

Соңғы 10 жыл ішінде 126 елордалық педагог (оның ішінде МДҰ – 29, орта – 59, қосымша білім беру – 11, ТжКББ – 26) қалалық деңгейде «Үздік педагог» атанса, республикалық деңгейде «Үздік педагог» атағына 36 педагог (оның ішінде МДҰ – 1, орта – 21, қосымша білім беру – 3, ТжКББ – 11) ие болған.

«Үздік педагог» байқауының мақсаты – адал еңбегімен ерекшеленген ұстаздарды анықтау, педагог мәртебесін арттыру және ұстаздың зияткерлік, ғылыми-әдістемелік әлеуетіне басымдық беру.

Барлық жаңалықтар