00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордалық Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионы атанды

31.03.2023 | 19:58
Елорда ақпарат
37

Астаналық спортшы Ақмарал Науатбек (-48кг J2) пара дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Финалда отандасымыз паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, франциялық Аурериес Мартинет Сандриннан басым түсіп, ел қоржынына тарихымыздағы алғашқы әйелдер арасындағы алтын медальді сыйлап отыр.

Осылайша елордалық Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионатында топ жарып, ел қоржынына тарихымыздағы алғашқы әйелдер арасындағы алтын медальді сыйлап отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медальді 2018 жылы 60 кг салмақта Олжас Оразалыұлы еншілеген болатын.

Еске сала кетейік, пара дзюдодан әлем чемпионаты Бакуда 8-11 қараша аралығында өтуде. Әлемнің 40-тан астам елінен 300-ден аса спортшы бақ сынап жатқан байрақты бәсекеде ел намысын 18 парадзюдошы қорғауда. Оның екеуі – Астана қаласының спортшылары.

Бұған дейін, елордалық қос парадзюдошы Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алғандығын жазған болатынбыз. Олардың бірі Ақмарал Науатбек болса, екіншісі – ерлер арасында 73 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз Ерғали Шамей.

 

Барлық жаңалықтар