00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада «Ұлыларға тағзым» атты классикалық музыка кеші өтеді

31.03.2023 | 19:20
Сабина Кәкімжан
18

Астанада «Ұлыларға тағзым» атты классикалық музыка кеші өтеді, деп хабарлады Elorda.info Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концерттік бағдарламада отандық композиторлардың ән-романстары мен үздік операларынан ариялар орындалады.

Кеште классикалық үздік туындылардың либреттосын жазған М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің, талантты композиторлар Ғ.Жұбанова мен Е.Рахмадиевтің және қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі К.Байсейітова мен жезтаңдай әнші Р.Бағланова сынды ұлы тұлғалардың репертуарларынан музыкалық шығармалар көрермендер назарына ұсынылады. Сондай-ақ, музыкалық жиында мерекелік кеш иелерінің ұрпақтары мен үзеңгілес әріптестері қатысады, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қоса,  классикалық музыкалық кешке ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Бибігүл Жанұзақ, Салтанат Ахметова мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Әйгерім Алтынбек пен Мәдениет саласының үздігі Дина Мирманова қатысады.

Барлық жаңалықтар