00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада корей тағамдарының түрлері ұсынылды

31.03.2023 | 18:26
Елорда ақпарат
28

Елордада корей халқы асханасының кеші өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Корей мәдени орталығы ұйымдастырған шарада Оңтүстік Кореядан арнайы шақырылған аспаздардың қолынан дайындалған 15-ке жуық тағам ұсынылды.

Сонымен қатар келген қонақтар корей халқының «так канчжон», «корольдік ттокпокки», «юджа-хвачэ», «кимчи» сынды танымал тағамдардан дәм татты.

Кешке қатысқан Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ку Хонгсок осындай шара арқылы корей тағамдарының Қазақстанда ғана емес басқа да елдерде танымалдығы арта түсетіндігін тілге тиек етті.

Шара барысында «K-POP Cover Dance Champion» байқауының жеңімпаздары өнер көрсетіп, Корея туралы викториналық сұрақ-жауап ойыны өткізілді.

Айта кетейік биыл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық, мәдени байланыстардың орнағанына 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде қазақ-корей мәдениетін насихаттайтын көптеген шаралар ұйымдастырылды.

Барлық жаңалықтар