00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада «Патриоттар уақыты» фильмінің көрсетілімі өтті

Елордадағы Әскери-тарихи мұражайда қалалық орта білім беретін мектептердің «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері жиналып режиссер Серікбол Утепбергеновтің «Патриоттар уақыты» фильмін тамашалады, деп хабарлады Elorda.info.

Кино көрсетілімінің алдында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері Авиация генерал-майоры Алтай Айтбаевпен кездесті. Көрермендер залында жас сарбаздар қорғаныс саласының ардагеріне сұрақ қойып, Алтай Тұрғынбекұлының еңбек жолы туралы біраз ақпарат білді.

«Патриоттар уақыты» фильмінде ағайынды Сұлтан мен Бекзат Ибраевтар туралы көрсетіледі. Сұлтан – батыл барлау офицері, ал Бекзат – талантты жойғыш ұшқыш.Бірақ, ағайындылар арасында отбасылық кикілжің орын алған. Елдің қауіпсіздігіне халықаралық террористік топ қауіп төндірген кезде, ағайындылар адам өмірін сақтап қалу үшін бірігеді.  Отбасы, сүйіктілері және Отаны — олардың ең құнды дүниесі екенін түсінуі керек. Нәтижесінде, олар отан мен отбасының қолдарындағы ең бағалы нәрсе екенін түсінеді.   

Айта кетейік, фильм аяқталған соң, көрермендер залында фильмге қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап үшін жас сарбаздарға сыйлық берілді.

Барлық жаңалықтар