00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордалық кәсіпкерлер қазақ тілін тегін үйрене алады

31.03.2023 | 17:29
Айман Нығмет
20

Астана әкімдігі кәсіпкерлерге көрнекі ақпаратты дұрыс рәсімдеуге көмектесуге дайын. Осы мақсатта елордалық бизнесмендер үшін қазақ тілін оқыту бойынша тегін қарқынды курстар ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Молдабаева оқыту курсы бір айға есептелген және 24 академиялық сағаттан тұратынын айтты.

2021 жылғы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заңды қабылдаудың мақсаты -түпнұсқалықты сақтай отырып, орфография нормаларына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін жазу, «мәтіннің түпнұсқалық аудармасы» ұғымын енгізу. Осы заң шеңберінде Қазақстан Республикасының 16 заңнамалық актілеріне түзетулер енгізілді. Олардың ішінде кәсіпкерлікке қатысты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдар бар. Бұл түзетулер мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес көрнекі ақпаратты міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте олар орыс тілін қолдануды шектемейді, - деп атап өтті Әйгерім Молдабаева.

 

Барлық жаңалықтар