00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада даму ерекшелігі бар балалар қайырымдылық іс-шарасына қатысты

31.03.2023 | 17:24
Елорда ақпарат
29

Бүгін елордада «Сенбіде Күншуақпен» қайырымдылық іс-шарасы өтті. Оған «Өнеге» оңалту орталығының даму ерекшеліктері бар балалар қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Біздің клуб қазақстандықтарды қолдау үшін көптеген әлеуметтік және қайырымдылық бастаманы жүзеге асырады. Біз инклюзивтік, білім беру жобаларына қолдау көрсете беруге ниеттіміз. Бүгін біз ең маңызды қонақтарымыз – «Өнеге» орталығының балалары үшін ойын-сауық бағдарламасын, тәтті-дәмділер мен сыйлықтар дайындадық. Оларға сенбі күнін бізбен өткізу ұнады деп үміттенеміз. Біз, «Ротари-Астана» клубының мүшелері, барлық балалардың Күншуақ секілді күлімсіреп, сенімді және көңілді өскенін қалаймыз, - дейді «Ротари-Астана клубы» ҚБ президенті Әсем Малгелдинова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық іс-шарасына Астананың жанашыр тұрғындары, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қосылған.

2018 жылы алғаш рет Алматы ауданындағы саябақтардың бірінде құрылған «Күншуақ» алаңы дамып, Астананың басқа аудандарына таралғаны қуантады. Демеушілер атынан біз қала билігіне осындай маңызды бастаманы жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғыс айтамыз, - деп атап өтті жоба идеясы авторларының бірі және «Ротари-Астана клубы» ҚБ бұрынғы президенті, «Замандас21» әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арналған клуб жетекшісі Ләззат Алшинова.

«Ротари-Астана» клубы бейжай қарамайтындардың барлығын осындай бастамаларды қолдауға, ерекше адамдарға толыққанды өмір сүруге көмектесуге және қоғамның тең мүшесі болуға шақырады.

Айта кетейік, іс-шара Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен өтті. Ұйымдастырушы – «Ротари-Астана клубы» қоғамдық бірлестігі. 

Барлық жаңалықтар