00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Алдағы жәрмеңкеде Атырау және Батыс Қазақстан облыстары өз өнімдерін ұсынады

31.03.2023 | 17:22
Елорда ақпарат
22

Демалыс күндері, 24 және 25 қыркүйекте өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады Elorda.info

Елордада демалыс күндері өтетін жәрмеңкеде екі облыс 47-ден астам тауар түрін ұсынады. Аграршылар 220 тонна өнім тасымалдайды, оның ішінде: 90 тоннадан астам сиыр еті мен жылқы еті, 44 тонна балық, 17 тонна ұн мен макарон өнімдері, 15 тонна көкөніс, 10 тонна картоп, 10 тонна шұжық және консерві өнімдерінің түрлері, 5 тонна өсімдік майы, 5 тонна сүт өнімдері, 2 тонна жемістер мен жидектер, 36 мың дана жұмыртқа, сондай-ақ 21,7 тонна басқа да өнімдер.

Сонымен қатар, жәрмеңке қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай іс-шаралар ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың тауарларының бағасы нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен болады.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбіде 13 қарашаға дейін өтеді. Өтетін орны: Тұран даңғылы, 48 мекенжайы бойынша орналасқан "Астана-Арена" стадионының жанындағы алаң.

Келесі өнімді Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының кәсіпкерлері 1-2 қазан күндері ұсынады.

Барлық жаңалықтар